Go back

Қаржы данышпаны

«Қаржы Данышпаны» – адамдарды қаржылық сауаттылыққа үйретуді мақсат ететін трансформациялық қаржылық білім беру ойын тренингі. Ойын оның әрбір қатысушысы кәсіп иесі, ірі компания акцияларының иесі, стартап қатысушысы бола алатындай етіп жасалған. Әр ойыншы өз қаржылық портфелін құруды, оны дамыту мен сақтаудың ең жақсы инвестициялық стратегияларын анықтауды үйренеді.

Жоба сайты
Қаржы данышпаны
пайда

Артықшылығы мен құндылығы

Бизнес-тренажер қатысушыларға қаржылық сауаттылықты, капиталды жинақтауды үйретеді, инвестициялық ойлау өрісін дамытады, қаржылық стратегиясын жасауға көмектеседі және қосымша табыс көзін алу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Тәжірибелі инвестор-тренер басқаратын топта жұмыс істей отырып, сіз өз құндылықтарыңызды түйсіне аласыз және қабілеттеріңізді көрсетуге мүмкіндік беретін нақты қажеттіліктерді көре аласыз.

Команда – коммуникацияны дамыту кілті. Командамен бірге не үйренесіз:

  • Жоспарларыңызды сауатты және анық айту
  • Басқа қатысушылармен бірлесіп конгломерат құру
  • Ең батыл стратегияларды жасау
  • Тек құралдарымен ғана тәуекел етіп, алған тәжірибеңізді ертең өмірде қолдану.

Қаржы данышпаны  – қазіргі жағдаятқа көзқарасыңызды өзгертуге және қаржылық әл-ауқатыңызды арттыруға жеткізетін стратегияны таңдау мүмкіндігіңіз.

міндеттері

Қандай міндеттерді орындайды

«Қаржы данышпаны» бизнес тренажерінде жаттығу арқылы өз әлеуетіңізді ашасыз:

  • Нақты өмірде қайда және қалай инвестиция салуға болатынын шешесіз
  • Стратегиялық ойлау жүйеңізді дамытасыз
  • Қосымша табыс табу мүмкіндігін аласыз
  • Пікірлес адамдармен танысасыз
  • Ақшаны жоғалтпай, инвестициялауды үйренесіз
  • Команда болып мақсатыңызға жету тәжірибесін аласыз
  • Нарықтық экономиканың принциптері мен заңдылықтарын түсінесіз
  • Стресстік жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытасыз
  • Қарым-қатынас /коммуникация/ дағдыларын аласыз
  • Жұмыстың жаңа нұсқаларын табуда шығармашылық қабілетіңізді арттырасыз
  • Өзіңіздің табысты стратегияңызды түсініңіз
  • Өз құзыреттілігіңіздегі осал тұстарды: қандай дағдыларды жетілдіру қажет екенін білесіз

Бөлісу
03 Келесі жоба

EvoScent