Жеке деректерді өңдеуге келісім беру

Құпиялық Саясатымызда сіздің жеке тұлғаңызды анықтауға болатын ақпаратты қажет ететін бірнеше жағдайлар туралы айтылады. Әдетте бұл International Marketing Community INC (Халықаралық Маркетинг Қауымдастығы INC) жеке кабинеті арқылы кіру және шотыңызды  басқару үшін қажет электронды пошта мекенжайын қамтиды.

Әрі қарай, өнім сатып алу, бонустар мен сыйлықтар алу, жеке кабинетіңізге ақша салу және қаражат шығару, жеке кабинетіңізде басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін сізден жеке тұлғаңыз туралы қажетті және жеткілікті растайтын ақпарат қажет болады. Сондай-ақ сіздің сатып алған өніміңіздің, жеке кабинетіңіздегі транзакциялардың, сыйлықтар мен бонустардың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, дәл осы мақсатпен кері байланыс орнату үшін ғана сіздің байланыс ақпаратыңыз керек болады.

https://evo.rich/ сайтында тіркеле отырып, өзіңіз туралы ақпаратты көрсету арқылы, Сіз  International Marketing Community INC жеке деректеріңізді өңдеуге (атап айтқанда: жинау, жинақтау, жүйелеу, сақтау, нақтылау, пайдалану, тарату, иесіздендіру, блоктау, жою) келісім бересіз және иесіне қажет болған жағдайда, серіктестік шартының талаптарына сәйкес, жоғары сапалы қызмет көрсету үшін деректеріңізді толық немесе ішінара жариялауды тапсырасыз.

Осы келісімді бере отырып, сіз тіркеу кезінде көрсетілген жеке деректеріңіздің дәлдігі мен сенімділігі, олардың уақтылы жаңартылуы үшін жауапкершілікті өз міндетіңізге алатыныңызды растайсыз. International Marketing Community INC сұрауы бойынша дәл сәйкестендіру мақсатымен өзіңіз көрсеткен жеке деректердің түпнұсқалығын растайтын құжаттарды дереу беруге келісесіз.

Компания сайтындағы тіркеу формасына өз еркіңізбен енгізген ақпаратыңыз сізге қызмет көрсету және ұсыну, пайдаланушылардың сұраныстары мен сұрақтарын, шағымдары мен мүдделерін талдау үшін пайдаланылады. Мысалы, кабинетіңізде қажетті операцияларды орындауға көмектесу, өтінім жіберу, сізбен байланыста болу, сізге қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету, компания қызметінің жұмысындағы өзгерістер туралы, ағымдағы акциялар туралы хабарлау, пайдалы ұсыныстар, компания сыйлықтары, сондай-ақ ақпараттық таратылымды теңшеу, сізді қызықтыратын ұсыныстар.

Бұл ретте International Marketing Community INC Компанияның тіркелген елінің заңнамасына сәйкес заңды және қажетті негіздемесіз жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпау туралы міндеттемені өзіне алады.

Сіз біз ұсынатын пайдалы және танымдық ақпараттың электронды таратылымынан кез келген уақытта бас тарта аласыз.

Теңшеліміңізді қазір немесе кейінірек өзгерткіңіз келсе, мұны өзіңіз қалаған кезде – жеке кабинетте немесе біздің Қолдау қызметіне хабарласу арқылы жасай аласыз.

International Marketing Community INC Компаниясы АҚШ-тағы Делавэр штатының қолданыстағы заңнамасын сақтау үшін барлық қажетті әрекеттерді жасайды.

Бөлісу